Павлодарда 18 жастағы жігіт суға батып кетті

/
Павлодарда 18 жастағы жігіт суға батып кетті
istockphoto

Павлодарда 18 жастағы жас жігіт суға батып кетті. Оқиға қалалық жағажайда болған, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ертіс өзенінің ағысы қатты, сондықтан оны ешкім құтқара алмады. Құтқарушылар мәйітті 2 күн іздеп, Жаңауыл ауылының тұсынан тапты. Биыл өңірде шомылу маусымы басталғалы 6 адам судан ажал құшты. Оның екеуі — бала.

"Жаңауыл ауылынан төмен 2007 жылы туған ер азаматтың денесі табылды. Іздестіру жұмыстары кезінде сүңгірулермен 80 рет су астына сүңгу жұмыстары жүргізілді. Және іздестіру жұмыстарына жүзу құралдары пайдаланылды", - дейді облыстық ТЖД жедел құтқару жасағы бастығының орынбасары Серік Шериазданов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар