Оралда 400 литрге жуық заңсыз сақталған алкоголь өнімі тәркілен

/
Оралда 400 литрге жуық заңсыз сақталған алкоголь өнімі тәркілен
Polisia.kz

Орал қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автокөліктерді тексеру барысында көліктердің бірінен алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру кезінде автокөліктен: көлемі 5 литрлік 70 бөтелке; көлемі 1 литрлік 1 бөтелке; көлемі 0,5 литрлік 12 бөтелке және басқа да алкоголь өнімдері анықталды.

Барлығы 83 дана алкоголь өнімі тәркіленіп, олардың жалпы көлемі 400 литрге жуық болды. Жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ оларды сақтау мен өткізуге қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар