Қазақстанға келген ресейлік туристер қымыз ішемін деп өлім аузынан қалды

/
Қазақстанға келген ресейлік туристер қымыз ішемін деп өлім аузынан қалды
Baza Telegram арнасы

Қазақстанға келген екі ресейлік турист қымыз ішкеннен кейін ауыр аллергиялық реакцияға тап болған. Оқиға туралы Baza Telegram-арнасы хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Ярослава мен Рената есімді апалы-сіңлі ұлттық сусыннан бірнеше жұтым ішкеннен кейін көп ұзамай өздерін жайсыз сезіне бастаған. Олардың беті ісініп, тамағы ауырып, тыныс алуы қиындаған.

Қыздар алдымен жақын маңдағы дәріханаға барып, аллергияға қарсы дәрі қабылдаған. Біраз уақыттан кейін Ярославаның жағдайы жақсарғанымен, Ренатаның денсаулығы керісінше нашарлай түскен.

Оның денесінде бөртпе пайда болып, тыныс алуы қиындаған соң, куәгерлер жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер туристке дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, Квинке ісінуіне тән белгілерді асқындырмай тоқтатқан.

Апалы-сіңлінің сөзінше, мамандар оларға бірнеше күн бойы антигистаминдік дәрілер қабылдауды ұсынған.

Бұған дейін қыздарда басқа ашытылған сүт өнімдеріне мұндай реакция байқалмағаны айтылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар