«Отадан кейін денесінде дәке қалып қойған»: Қызылорда тұрғыны ауруханадан ақша өндіріп алды

/
«Отадан кейін денесінде дәке қалып қойған»: Қызылорда тұрғыны ауруханадан ақша өндіріп алды
istockphoto.com

Қызылорда облысының тұрғыны хирургиялық ота кезінде өзінің денесінде дәке тампоны (марлеома) қалдырылғаннан айтып, сотқа жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жіберілген медициналық қателіктің салдарынан науқас ұзақ уақыт бойы қатты ауырсынуды бастан кешіріп, дұрыс емдемеген жарадан зардап шеккен және өз есебінен қайта ота жасатуға мәжбүр болған.

Осыған байланысты ол медициналық мекемеден материалдық шығын мен моральдық зиянның орнын толтыруды талап еткен.

Сот бастапқыда талап қоюшыға кистаны алып тастау отасы жасалғанын анықтады.

Алайда, екі айдан кейін оған басқа медициналық мекемеде қайта ота жасалған, оның барысында алдыңғы хирургия аймағынан бұрын қалған дәке тампоны алынған.

Бөгде заттың болу фактісі ота жасау хаттамасымен, медициналық құжаттамамен, бейнежазбамен, сондай-ақ қайта емдеу жүргізілген медициналық мекеме өкілінің түсіндірмесімен расталды.

Науқастың отадан кейінгі асқынуларының дәлелі ретінде (дұрыс емдемегеннен ұзақ уақыт бойы асқынған жара, қабыну процесі, күнделікті таңу қажеттілігі) сот емдеуші дәрігердің медициналық құжаттары мен түсіндірмелерін қабылдады.

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі уәкілетті орган медициналық көмек көрсету кезінде көптеген бұзушылықтарды анықтады.

Ота жасау кезінде міндетті стандарттар сақталмағаны, отадан кейінгі бақылау дұрыс жүргізілмегені, медициналық құжаттама бұзушылықтармен жүргізілгені анықталды: күнделікті жазбалар толық емес, зерттеу нәтижелерінің клиникалық түсіндірмесі, сондай-ақ ота жасау кезінде алынған материалдарды зерттеу туралы мәліметтер жоқ.

Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттей отырып, жауапкердің кінәсі дәлелденген деген қорытындыға келді және талап қоюды қанағаттандырды.

Медициналық мекемеден талап қоюшының пайдасына моральдық зиян мен материалдық залалдың орнын толтыру есебінен 1,5 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары