Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

/
Ауыр атлет Ақжол Құрманбек Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
olympic.kz

Өзбекстанның Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жас жеткіншектер мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық ауыр атлет Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасында 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 358 (160+198) келіні еңсерді.

Сондай-ақ дәл осы салмақта Ерасыл Сәулебеков 351 (154+197) келіні көтеріп, қола жүлдегер атанды.

Ал күміс жүлдені өзбекстандық Хикматилло Хайдаров жеңіп алды - 357 (161+196) келі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары