Батыс Қазақстанда екі орман өрті сөндірілді

/
Батыс Қазақстанда екі орман өрті сөндірілді
Экология министрлігі

12 тамызда Республика бойынша 2 орман өрті – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт сөндіру қызметіне мемлекеттік орман мекемелерінің күштері мен құралдары сонымен қатар, «Казавиаорманқорғау» РМҚК әуе десанттары және су төгу құрылғысымен жабдықталған тікұшағы жұмылдырылды.

«Казавиаорманқорғау» РМҚК қызметкерлерінің әуе патрульдеуі барысында және өрттерді жедел анықтау жүйесі арқылы өрт ошақтары анықталған сәттен бастап жедел хабарлау арқылы қажетті күш құралдар уақытылы өрт орнына жетіп, аз уақыт ішінде оқшаулап, толық сөндірді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары