Танымал блогер екінші сәбиін дүниеге әкелді

/
Танымал блогер екінші сәбиін дүниеге әкелді

Instagram әлеуметтік желісінде 2 миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер Мерей Әбілова екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ұлым, қош келдің өмірге», - деп жазған ол желіге жүктеген суретінде.

Алайда ұлына қандай есім таңдағанын айтпаған. 

Айта кетейік, Мерей Әбілова осыдан төрт жыл бұрын жас кәсіпкерге тұрмысқа шыққан болатын. Ерлі-зайыптылардың екі жастан асқан қыздары бар.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары