«Ол кісілер де шаршайды ғой»: Дәрігерлер сынған аяққа емес, сау аяққа гипс салып жіберген

/
«Ол кісілер де шаршайды ғой»: Дәрігерлер сынған аяққа емес, сау аяққа гипс салып жіберген

Ауруханаға баласының сынған аяғын емдеуге апарған әйел қызық жағдайға тап болған. Қызық болғанда, дәрігерлер қыз баланың сынған аяғына емес, сынбаған, сау аяғына гипс салып жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Хайп деп жазып жатыр екен. Хайп ұстайтын адам емеспін, бұл жағдайда не күлеріңді, не жыларыңды білмейсің. Ол кісілер де шаршайды ғой деп ойлайсың. Бірақ та кеше «үйіңе барғанда көрмегеніңе рахмет айт» деп өзіме сөйлеп тұр. Көпшілігіңіз сынықшыға апарыңыз деп жазған екенсіздер. Апардым, шыққан жерлерін салып берді, ісігі қайтты, сынған жеріне гипсті қайта кигізіп берді», - деп жазды келіншек.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар