Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап челлендж бастады

/
Астаналық ұстаздар Абай әндерін орындап челлендж бастады
Астана әкімдігі

Астана қаласының Білім басқармасы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай, 10 тамызда тағылымды челлендж бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, аталған бастамаға «TANYM» көпфункционалды кешенінің педагогтері қатысып, Абайдың өлеңдері мен әндерін орындау арқылы ұлы ойшылдың мұрасын насихаттауда. Челлендждің мақсаты – өскелең ұрпақтың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.

Білім беру ұйымдарының педагогтері бұл игі бастаманы қолдап, әлеуметтік желілерде Абайдың шығармаларын орындау эстафетасын жалғастырып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар