Талдықорғандағы Шевченко көшесіндегі №119 үйдің жанынан ер адамның мәйіті табылды. Зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жетісу облысының полициясы көз жұмған адамның кім екенін анықтаған. Алдын-ала мәлімет бойынша ер адам спиртті ішімдікті жиі ішкен.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - делінген полицияның хабарламасында.