Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері Грузиядан аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасының азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында Кипрден пәтер сатып алуға жәрдем көрсетемін деген сылтаумен, бірнеше ақшалай аударым арқылы, Қазақстан Республикасының азаматшасының 100 миллион теңгеден астам ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен жымқырып кеткен.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
2026 жылғы маусымда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Оған тағылып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.