Қытай мен Оңтүстік Кореядан келген жасөспірімдер Алматы тауларында адасып кеткен

/
Қытай мен Оңтүстік Кореядан келген жасөспірімдер Алматы тауларында адасып кеткен
Фото: eurasia.travel

Алматы облысының Талғар ауданында құтқарушылар Букреев шыңынан төмен түсу кезінде туристік бағыттан адасып кеткен 17 жастағы үш жасөспірімді таудан аман-есен алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға туралы хабар Талғар ауданындағы туристік бағытта бағдарынан жаңылған туристерден түскен.

Оқиға орнына бірден «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері аттанды. Іздестіру-құтқару жұмыстары таулы аймақтың күрделі жер бедеріне байланысты қиындықпен жүргізілді.

Құтқарушылар жасөспірімдермен байланыс орнатып, олардың орналасқан жерін геолокация арқылы анықтап, туристерге жетті. Олар «Алматау» туристік кешені маңынан табылды.

ТЖМ қызметкерлері жасөспірімдерді қауіпсіз бағытпен ертіп, автожолға дейін алып шықты. Онда оларды туыстары күтіп тұрған.

Министрліктің нақтылауынша, құтқарылғандардың екеуі – Қытай мен Оңтүстік Кореяның азаматтары. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар