Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында отбасындағы қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесінің айтуынша, Ақерке есімді бойжеткенді Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, қазақы салт-дәстүрге сай өз шаңырағына алып кеткен.
«Ақерке қызымызды Бекдәулет ата-анасымен бірге келіп, шаңырағынан алып кетті. Анамыз ақ батасын берді. Кешке мейрамханада ұзату тойы өтеді. Баршамызға жұғысты болсын», – деп жазды әнші.