Меркіде 19 жастағы Мадинаның мәйіті қайта сараптама жүргізу үшін эксгумацияланды

/
Меркіде 19 жастағы Мадинаның мәйіті қайта сараптама жүргізу үшін эксгумацияланды

Жамбыл облысы Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадинаның мәйіті қайта сот-медициналық сараптама жүргізу мақсатында эксгумацияланды. Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Журналистің айтуынша, алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына күмән туындағандықтан, марқұмның денесіне қайта сараптама жүргізу талап етілген.

«19 жастағы Мадинаның денесі қабірден қайта қазылып алынды. Алғашқы сот-медициналық сараптаманың қорытындысына күмән келтіргендіктен, қайта сараптама жүргізуді талап еттік. Бүгін Алматы маңында полиция қызметкерлері мен мамандардың қатысуымен эксгумация жүргізіліп жатыр», – деп жазды Жан Ахмадиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін тамыз айында Меркіде жас келіншек күйеуімен жанжалдасқаннан кейін қайтыс болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Марқұмның құрбысының айтуынша, жанжал күйеуі сегіз айлық баласына сатып әкелген «Барни» шоколады үшін басталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары