Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде қаралы хабар жариялап, көпшілікке белгілі Иба әженің дүниеден өткенін хабарлады.
Жүргізуші бұл туралы Threads желісіндегі парақшасында жазып, марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Жаны Жәннаттың төрінде болсын. Кей адамдар болады ғой, жеке танымасаң да, жақыныңдай болып тұратын. Иба әжені жақсы көретінмін. Ақкөңіл, мейірімді жан еді. Бүгін келместің кемесіне мініп кете барыпты. Жақындарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.