Ұлттық статистика комитетінің есебіне сәйкес, Өзбекстанда қалалық жерлерде 19,6 миллионнан астам адам, ал ауылдық жерлерде 18,9 миллионнан астам адам тұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жалпы халық санының құрылымында ерлердің үлесі – 50,4%, ал әйелдердің үлесі – 49,6%.
Биылғы жылдың алғашқы алты айында Өзбекстанда 373,4 мың сәби дүниеге келген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,1 мыңға аз. Осы уақыт аралығында елде 86,9 мың адам қайтыс болып, халықтың табиғи өсімі 286,5 мың адамды құрады.
Сонымен қатар, 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Өзбекстанда 92,3 мыңнан астам неке тіркелді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 мыңға аз. Ал алғашқы алты айда 24,8 мың ажырасу тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 мыңға артқан.
Сондай-ақ, Өзбекстанда туу көрсеткіші 2020 жылдан бері алғаш рет жылына 900 мыңнан төмен түскені туралы да хабарланған еді.