ЖСДП кандидаттары «Eurasia Group» ЖШС ұжымымен еңбек мәселелерін талқылады

/
ЖСДП кандидаттары «Eurasia Group» ЖШС ұжымымен еңбек мәселелерін талқылады
ЖСДП сайты

ЖСДП Ақмола облыстық филиалының өкілдері Көкшетау қаласында «Eurasia Group» ЖШС еңбек ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, кәсіпорын қызметкерлері мен партия кандидаттарының басын қосты. Кездесу барысында азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселелер – лайықты еңбекақы, еңбек құқықтарын қорғау, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары талқыланды.

Кездесуге ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы, Алшынбай Ару Мұратқызы, Татиков Талгат Кайруллович және Кульмагамбетов Аслан Мухтарович қатысты. Олар ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес!» сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, оның басты қағидаты – еңбек адамының мүддесін қорғау, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін күшейту екенін атап өтті. Кездесуді ашқан Жанғали Ілияс Әбілқазыұлы елдің дамуы күн сайын экономиканы алға сүйреп жүрген еңбек адамдарына деген құрметтен басталатынын айтты.

«Әрбір азамат өзінің еңбегі лайықты бағаланатынына және құқықтарының қорғалатынына сенімді болуы тиіс. Біздің бағдарламамыз – құр уәделер жиынтығы емес, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер. Біз бұл кездесуге тек өз бастамаларымызды таныстыру үшін ғана емес, сіздердің пікірлеріңізді тыңдау үшін де келдік», – деді кандидат.

Өз сөзінде ол «Прогресс жолындағы 20 белес!» бағдарламасының басым бағыттарына тоқталып, экономиканы дамыту, халықтың табысын арттыру, өңірлерді қолдау және мемлекеттік шешімдердің орындалуына қоғамдық бақылауды күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Әлеуметтік әділеттілік тақырыбын жалғастырған Алшынбай Ару Мұратқызы лайықты еңбек ақысы мен қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне тоқталды.

«Қауіпсіз еңбек жағдайы мен әділ еңбекақы – артықшылық емес, әрбір қызметкердің негізгі құқығы. Заманауи өндіріс еңбек қауіпсіздігі стандарттарын жетілдірумен және адам еңбегіне құрметпен қатар дамуы тиіс», – деді ол.

Кандидаттың айтуынша, мемлекеттік саясат жұмыс берушілерді қауіпсіз жұмыс орындарын құруға, өндірісті жаңғыртуға инвестиция салуға және қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ынталандыруы қажет.

Еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері жөнінде Татиков Талгат Кайруллович сөз сөйледі. Ол мықты экономиканың негізі – ертеңгі күніне сенімді еңбек адамы екенін атап өтті.

«Адам өз құқықтарының қорғалатынын сезінген кезде ғана болашағын сеніммен жоспарлап, отбасы құрып, туған өлкесімен тағдырын байланыстырады. Сондықтан әлеуметтік қорғау мен еңбек заңнамасының сақталуы әрдайым мемлекеттік саясаттың басым бағыты болуы тиіс», – деді кандидат.

Сондай-ақ ол қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту мен жұмыс берушілер, мемлекет және еңбек ұжымдары арасындағы сындарлы әріптестікті нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Кездесу барысында Кульмагамбетов Аслан Мухтарович Ақмола облысында ауыл шаруашылығын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Өңірдің экономикалық дамуы қуатты кәсіпорындардан, заманауи өндірістерден және аграрлық секторды қолдаудан басталады. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы – жастардың туған өлкесінде қалып, өз болашағын осы жерде құруына мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын кешенді дамыту облыс экономикасын нығайтып, жұмыспен қамтуды арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді. Іс-шараның екінші бөлігінде кәсіпорын ұжымымен ашық пікір алмасу өтті. Қызметкерлер кандидаттарға жалақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер, еңбек жағдайлары, инфрақұрылымды дамыту, жас мамандарды қолдау және өңірдің экономикалық даму перспективаларына қатысты сұрақтарын қойды. Сонымен қатар еңбек қатынастарын жетілдіру және әлеуметтік қолдауды күшейту жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесуде қойылған сауалдар бірінен бірі өткір болды. Олардың барлығы цех пен жұмыс аумағынан тыс жерде адамдарды алаңдататын нақты мәселелерге арнал-ды. Қызметкерлер медицина саласындағы проблемаларды көтерді: дәрігерлердің тапшылығы және білікті медициналық көмектің әрдайым қолжетімді бола бермей-тіні айтылды. Халықтың көшіп кетуі мәселесі де талқыланды – ауылдар босап, жастар туған жерінде жұмыс пен болашақ мүмкіндігі қалай болмақ екені сөз болды. Одан бөлек тұрғын үй құрылысы мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жаңа жы-лу электр орталығын (ЖЭО) салу жоспарлары және осы жобаны жүзеге асыру ба-рысында туындайтын қиындықтар туралы сөз қозғалды.

Қаланың шеткі аудандарының тұрғындары су мен электр энергиясының жиі өшіп қалатынын айтып, жайлы өмір сүру үшін қажет базалық жағдайлардың мәсе-лесін көтерді. Сонымен қатар ЖСДП-ның басқа партиялардан айырмашылығы неде және неге дәл осы партия кандидаттарына сенім арту керек деген тікелей сұрақ қойылды.

Кандидаттар күрделі мәселелерден жалтармай, барлық айтылған ұсыныстарды бір реттік шағым ретінде емес, сайлаушылардың нақты тапсырмасы ретінде қабыл-дайтындарын атап өтті. Бұл мәселелер партияның алдағы жұмысының негізіне, ал сайланған жағдайда ЖСДП депутаттарының қызмет бағыттарына айналады.

Кандидаттар кәсіпорын ұжымына ашық әңгіме үшін алғыс білдіріп, дәл осындай кездесулер азаматтардың нақты сұраныстарына негізделген шешімдер қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шара соңында ЖСДП өкілдері айтылған барлық ұсыныстар жүйеленіп, пар-тияның алдағы жұмысында ескерілетінін жеткізді. Қорытынды бөлімде қатысушы-лармен бірге естелік суретке түсіп, кездесуге қатысушылармен бейресми әңгіме жалғасты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар