Полиция алаяқтардың жаңа тәсілі туралы ескертті

/
Полиция алаяқтардың жаңа тәсілі туралы ескертті
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі азаматтарды коммуналдық қызмет атын жамылған алаяқтардан сақ болуға шақырды.

"Соңғы уақытта алаяқтар өздерін жылу қызметінің мамандары ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалуда. Олардың мақсаты – жеке мәліметтеріңізге немесе банк шотыңызға қол жеткізу", - дейді полицейлер.

Алаяқтар әдетте:

жылу есептегішін тіркеу керек;

өтініш қалдырғансыз;

құжаттарыңызды жаңарту қажет;

берешегіңіз бар немесе жеңілдік рәсімдейміз деген сияқты сылтаулар айтады.

Кейін олар телефонға келген SMS-кодты сұрайды. Бұл кодты ешкімге айтуға болмайды.

SMS-код арқылы алаяқтар банк қосымшасына кіруге, мемлекеттік сервистердегі аккаунттарға қол жеткізуге және сіздің атыңыздан заңсыз әрекеттер жасауға әрекет етуі мүмкін.

Сондықтан тәртіп сақшылары мыналарды ескертті:

телефон соққан адамның кім екенін тексеріңіз;

SMS-кодты, банк картасының деректерін, CVV-кодты және жеке мәліметтерді ешкімге бермеңіз;

күмәнді жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми нөміріне өзіңіз хабарласыңыз;

бейтаныс адамдардың нұсқауымен ешқандай қосымшаны жүктемеңіз және сілтемелерге өтпеңіз.

Полиция коммуналдық қызмет өкілдері тұрғындардан телефон арқылы SMS-кодты сұрамайтынын еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары