«Қалыңмалға 15 миллион теңге берді»: Алтынай Жорабаева құдаларынан келген сый-сияпаттарды көпшілікке көрсетті (ВИДЕО)

/
«Қалыңмалға 15 миллион теңге берді»: Алтынай Жорабаева құдаларынан келген сый-сияпаттарды көпшілікке көрсетті (ВИДЕО)
Коллаж: turkystan.kz

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде жаңа құдаларынан келген сый-сияпаттарды көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Instagram парақшасында құдалардың арнайы алып келген тартулары бейнеленген видеоны жариялап, ризашылығын білдірді.

Желіде тараған видеодан құдалардың әншінің қызының қалыңмалы ретінде 15 миллион теңге табыстағанын да көруге болады.

«Жаңа құдаларымыздың ақ ниетпен алып келген сый-сияпаттары. Әкелген әрбір сыйына шын жүректен алғыс айтамыз. Береке-бірлігіміз арта берсін!» – деп жазды Алтынай Жорабаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары