«Жылаймын...»: Дариға Бадықова күтпеген жазба жариялады

/
«Жылаймын...»: Дариға Бадықова күтпеген жазба жариялады
Видеодан скриншот

Танымал продюсер әрі актриса Дариға Бадықова өзі түсірген "Соңыра" фильмін алғашқылардың бірі болып тамашалап, әсерімен бөлісті.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туындыны көргеннен кейін көз жасына ерік бергенін жасырмады.

"Жылаймын, жылаймын. Бұл фильмнің тезірек жарыққа шығып, сіздермен қауышқанын асыға күтіп жүрмін. Өйткені сценарийі де, драматургиясы да өте мықты. Әр кейіпкердің тағдыры, әр диалогтың салмағы бар. Жүрегімдесің, "Соңыра"!", – деп жазды Дариға Бадықова.

Айта кетейік, әзірге фильмнің ресми премьерасы өтпеген. Продюсер көрермендер туындыны жақын арада тамашалайтынына үміт білдіріп, оның оқиғасы ешкімді бейжай қалдырмайтынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары