«Маған хейт жазатындардың көбі ауылдан шыққан»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы сынға қалды

/
«Маған хейт жазатындардың көбі ауылдан шыққан»: Тұрсынбек Қабатовтың қызы сынға қалды
Әлеуметтік желіден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен әнші Мөлдір Мұқанның қызы Айарудың әлеуметтік желідегі мәлімдемесі көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін Айару әлеуметтік желідегі парақшасында: «Менің қазақша сөйлегенім өзіме ұнамайды» деп айтып, желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызған болатын.

Бұл жолы ол тікелей эфир кезінде өзіне жағымсыз пікір жазатындарға жауап беріп, айтқан сөздері әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Айарудың сөзінше, өзіне жағымсыз пікір қалдыратындардың көбі өмірде ештеңеге қол жеткізбеген адамдар.

«Сіздердің жеккөрушілікке толы пікірлеріңіз – менің артықшылығым. Маған жағымсыз пікір жазатындардың көбі ауылдан шыққан деп ойлаймын. Өмірде ештеңеге қол жеткізбеген. Ал мен 14 жасымда жақсы билеймін, коньки тебемін, футболды жақсы ойнаймын. Сендер осындай нәрселерді істей аласыңдар ма? Жоқ. Мүмкін физикалық тұрғыдан емес шығар, бірақ өздеріңді ауылдың адамындай ұстайсыңдар. Колхозсыңдар деуге болады», – деді ол.

Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының бір бөлігі

Айарудың сөзін ауыл тұрғындарын кемсіту ретінде қабылдап, тәрбиесіне қатысты сын айтты.

Ал енді бірі оның әлі жас екенін алға тартып, эмоцияға беріліп айтқан сөзі үшін қатты айыптамауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары