Жамбыл облысында жүк вагоны әйел адамды қағып кетті (ВИДЕО)

/
Жамбыл облысында жүк вагоны әйел адамды қағып кетті (ВИДЕО)
"Астана" телеарнасы

Жамбыл облысында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қозғалып келе жатқан жүк вагоны қағып кетті. Зардап шеккен тұрғын ауыр жарақат алып, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Оқиға үш күн бұрын Шу станциясында болған. Алайда аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан әйел әлі күнге дейін есін жимаған.

Оқыс жағдай Шу станциясындағы бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Кадрлардан қараңғы түсе бастаған уақытта жеке жүк вагонының қозғалып келе жатқаны көрінеді. Осы сәтте жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өтіп бара жатқан әйелді вагон қағып кеткен.

Көлік полициясы теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы мен жауапты тұлғалар анықталуда.

Дәрігерлердің мәліметінше, вагон астында қалған әйел көптеген дене жарақатын алған. Ол жансақтау бөлімінде хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар