«Бөлек шығаруға қимаймын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды

/
«Бөлек шығаруға қимаймын»: Жазира Байырбекова жан сырын ақтарды
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы мен келінін жеке шаңыраққа шығару мәселесі туралы ойын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жалғыз ұлын бөлек тұрғызу туралы ойлағанда көңілі босап кететінін айтып, оқырмандарынан пікір сұрады.

«"Сепарация" сөзінің қазақша баламасы бар ма? Қазбегім мен Асекемді бөлек шығарайық деп ойласам, көңілім құлазиды. Ал олардың өздері ондай әңгіме көтерген жоқ. Бір ғана ұл болғандықтан ба, әлде көпшілікпен бірге тұрғанға үйренгендіктен бе, "жеке шығарған дұрыс шығар" деп ойлаймын. Бірақ сол сәтте өзімнің көзіме жас келеді. Осы жайлы сіздердің пікірлеріңіз қандай?» – деп жазды әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары