АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында тұратын Сью Роули ұйқысыз түнде онлайн-лотерея ойнап, 150 мың доллар көлемінде жүлде жеңіп алды. Бұл шамамен 78 миллион теңгеге тең, деп хабарлайды turkystan.kz.
Stan.kz жазуынша, оқиға 8 шілдеге қараған түні болған. Ұйықтай алмаған әйел уақыт өткізу үшін онлайн-лотереяға қатысуға шешім қабылдаған.
Көп ұзамай оның сатып алған билеті 150 мың долларлық бас жүлдені жеңіп алғаны белгілі болды.
Сью Роулидің айтуынша, ол бастапқыда экранда көрсетілген ұтыс сомасына сене алмаған.
«Алғашында мұның рас екеніне сенбедім. Мұндай жағдай күн сайын бола бермейді», – деді жеңімпаз.
Әйел ұтып алған қаражаттың бір бөлігін үйін жөндеуге жұмсауды жоспарлап отыр.
Осылайша, ұйқысыз өткен түн Сью Роулидің өміріндегі ең сәтті сәттердің біріне айналды.