Алматы хайуанаттар бағында керқұлан құлындады (ВИДЕО)

/
Алматы хайуанаттар бағында керқұлан құлындады (ВИДЕО)
Алматы әкімдігі

Алматы хайуанаттар бағында керқұланның (Пржевальский жылқысы) құлыны туды. Құлынға Желмая деген ат қойылды. Оның енесі – Құрбанкүл биенің бұл екінші төлі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Керқұлан – Қызыл кітапқа және Табиғатты қорғаудың халықаралық одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген жабайы жылқының ең сирек түрлерінің бірі. Хайуанаттар бағында төл алу осы түрдің генетикалық әртүрлілігін сақтауға және тұрақты популяциясын қалыптастыруға бағытталған халықаралық табиғат қорғау бағдарламаларының маңызды бөлігі саналады.

Қазір Құрбанкүл, құлыны Желмая және айғыр Мерей келушілерге жабық арнайы аймақта мамандардың тұрақты бақылауында. Биенің де, құлынның да жағдайы жақсы, төл қалыпты өсіп-жетіліп келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары