Ақтауда 26 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті

/
Ақтауда 26 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті
istockphoto.com

Ақтауда 26 жастағы Шыңғыс Шектібаев іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іздеушілердің мәліметінше, 1999 жылы туған азамат Ақтау қаласының 17-шағын ауданында тұрады. Ол 2026 жылғы 1 шілде күні таңертең үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жоғалған азаматтың белгілері:

бойы – 175–180 см;

дене бітімі – арықша;

шашы – қысқа, қара түсті.

Жоғалған күні оның үстінде қара түсті спорттық кофта, қара шалбар және ақ түсті кроссовка болған. Өзінде сұр түсті рюкзак-сөмкесі болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары