Абай облысында 10 бала терезеден құлап кетті

/
Абай облысында 10 бала терезеден құлап кетті
istockphoto.com

Жыл басынан бері Абай облысында балалардың терезеден құлауына қатысты 10 дерек тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыған орай Абай облысының Полиция департаменті жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау қаупі артатынын айтып, ескерту жасады.

Ашық терезелер мен москит торлары ерекше қауіп төндіреді. Москит торы балаға жалған тірек сезімін тудырғанымен, оның салмағын көтере алмайды.

Балалардың жарақаттануының алдын алу мақсатында полиция ата-аналар мен заңды өкілдерге мына қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

• бөлмеде бала болған кезде ашық терезені қараусыз қалдырмаңыз;

• терезелерге арнайы бекіткіштер мен шектеу құрылғыларын орнатыңыз;

• бала терезе алдына шыға алмауы үшін жиһазды терезе жанына қоймаңыз;

• москит торына ешқашан сенбеңіз — ол баланың салмағын көтермейді және қорғаныс құралы болып табылмайды.

Маңызды: егер баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау оның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса, ата-аналар немесе заңды өкілдер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бірнеше минуттық бейқамдық орны толмас салдарға әкелуі мүмкін. Баланың қауіпсіздігі — ересектердің жауапкершілігі.

Абай облысы Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдерді барынша сақ болуға және қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары