Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқынынан 39 адам қаза тауып, 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті

/
Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқынынан 39 адам қаза тауып, 9 адам із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: reuters

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған су тасқыны салдарынан 39 адам қаза тауып, тағы тоғыз адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті билік өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Су тасқынына қарсы күрес және табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына арналған баспасөз мәслихатында Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының әкімшілік орталығы – Наньнин қаласы аумағындағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан қаза тапқан адамдар да жалпы құрбандар санына енгізілгені айтылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайдың оңтүстігіндегі су тасқынынан төрт адамның қаза тапқаны, ал ондаған мың тұрғынның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ Қытай билігі су тасқынынан зардап шеккен Гуанси өңіріне қосымша гуманитарлық көмек жіберген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары