"Өнер қырандары" театрының актері Мадияр Серікбаев жұбайынан ерекше сыйлық алды. Оның жары Дана Тұрарбек актерге көптен армандаған Li маркалы автокөлігін сыйлап, қуанышты сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады, деп turkystan.kz тілшісі Sn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Дана Тұрарбек жазбасында бұл сыйлықты адал жарына арнағанын айтып, қуанышымен бөлісті.
"Адал жарыма арманындағы көлік. Осы күнге жеткізген Аллаға шүкір", – деп жазды ол.
Желіде тараған видеода Мадияр Серікбаевтың сыйлықты көрген сәттегі әсері анық байқалады. Актер күтпеген қуаныштан ерекше толқып, балаша қуанып, жұбайын құшақтап алғыс білдірген. Кейін жаңа көлігін айналып қарап, эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берген.
Мадияр Серікбаев та өз кезегінде жұбайына ризашылығын білдіріп, әлеуметтік желіде әсерлі жазба қалдырды.
"Барлық еркек бақытты болуға лайықты", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары актерді жаңа көлігімен құттықтап, отбасына ақ тілектерін арнады. Пікір қалдырғандардың көбі бұл сыйлықтың материалдық құнынан бұрын, жұбайының көңіл бөліп, қуаныш сыйлағаны маңызды екенін жазды.