Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3342 адамға жетті. Соңғы мәлімет бойынша, тағы 16 740 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңартылған ақпаратты елдің Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригес жариялады.
Ресми дерекке сәйкес, табиғи апаттан 3342 адам көз жұмып, 16 740 адам зардап шеккен. Ал құтқарушылардың көмегімен 6462 адам аман алып шыққан.
Бұған дейінгі мәліметпен салыстырғанда, қаза тапқандар саны тағы 388 адамға артқан. Соңғы екі тәулікте құтқарылғандар саны өзгеріссіз қалған.
Табиғи апаттан кейін 86 794 отбасы гуманитарлық көмек алған. Ал 17 345 адам баспанасыз қалған.
Жер сілкінісі елдің инфрақұрылымына да орасан зиян келтірді. Жалпы саны 856 ғимарат зақымданса, оның 190-ы толықтай қираған.
24 маусым күні тіркелген екі күшті жер сілкінісінен кейін ел аумағында 995 афтершок болғаны хабарланды.
Апат салдарын жою жұмыстарына 4088 шетелдік құтқарушы, сондай-ақ 29 567 әскери қызметкер, төтенше жағдайлар мамандары және өзге де қызметкерлер жұмылдырылған. Сонымен қатар 27 482 ерікті көмек көрсетуге атсалысып жатыр.
Баспанасыз қалған тұрғындар үшін 79 уақытша лагерь ашылған. Зардап шеккен өңірлерге бүгінге дейін 9585 тонна азық-түлік пен 669 008 литр ауыз су жеткізілген.