Семейде алаяқ 70 жастағы қарияның қомақты қаражатын алып кеткен

/
Семейде алаяқ 70 жастағы қарияның қомақты қаражатын алып кеткен
polisia.kz

Семей қаласында полицейлер 70 жастағы қала тұрғынының арызы негізінде алаяқтық дерегін ашты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында 2024 жылдың сәуір айында күдіктінің жәбірленушінің сеніміне кіріп, ішкі есіктерді жеткізіп, орнатып беремін деген сылтаумен одан 360 мың теңге көлемінде ақша алғаны анықталды. Алайда ол өзіне алған міндеттемелерін орындамай, ақшалай қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді.

Тергеу барысында ол өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция азаматтарға тауар сатып алу немесе қандай да бір қызметке тапсырыс беру кезінде сатушылар мен орындаушылардың сенімділігіне алдын ала көз жеткізуге кеңес береді. Сондай-ақ мәмілелерді міндетті түрде жазбаша рәсімдеп, төлемді тауар жеткізілгеннен немесе көрсетілетін қызметтің толық орындалғанына көз жеткізгеннен кейін ғана жүзеге асырған жөн.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары