Актриса Дариға Бадықова Instagram желісіндегі парақшасында актер Олжас Абаймен бірге түскен суретін жариялап, көпті ойландырып қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі өрт сөндірушілердің арнайы киімін киіп түскен фотосымен бөлісіп, оған: «Жизнь романтично деді» деген қысқа жазба қалдырған.
Желі қолданушылары жарияланымға жылы пікірлерін жаудырып, екеуінің жарасымды жұп екенін жазған.
«Сіздерге қарап, махаббатқа қайтадан сенгің келеді. Бір-біріңізге деген сезімдеріңіз көздеріңізден-ақ көрініп тұр. Неткен жарасымды жұп!», «Махаббат экранның ар жағынан-ақ сезіледі», «Керемет жарасасыздар» деген пікірлер қалдырған.
Айта кетейік, соңғы уақытта әлеуметтік желіде Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың көңіл жарастырғаны туралы қауесеттер жиі талқыланып жүр.