Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты

/
Елена Рыбакина Уимблдон-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты
ҚТФ

Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Кэти Макналимен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Рыбакинаның сенімді жеңісімен аяқталды – 6:1, 6:2.

Теннисшілер кортта 1 сағат 11 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена бір эйс жасап, үш қос қателікке жол берді және 10 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Енді үшінші айналымда Рыбакина әлемнің 25-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары