«Екі жақтан еңіреп жыладық»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбек Қабатовпен байланысты ауыр сәт туралы айтты

/
«Екі жақтан еңіреп жыладық»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбек Қабатовпен байланысты ауыр сәт туралы айтты
Әлеуметтік желіден

Танымал продюсер, әнші Мөлдір Мұқан бұрынғы жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың ауырған кезін еске алып, сол сәтте жанында болғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл кезең оның өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі болған.

«Ауырған кезде өзім қасында болдым. Сол сәттерден фото-видеолар әлі бар. Оны бір дәлелдейін деген дүние емес. Әрине, менің жүрегіме тиеді. Ол сәт мен үшін өте ауыр», – деді ол.

Мөлдір Мұқанның сөзінше, Тұрсынбек Қабатов ауырып қалған уақытта ол Астанаға жаңа ғана ұшып келген.

«Сөйтіп құлап қалды деген хабар келді. Бірден кешкі сағат сегіздегі ұшаққа қайтадан билет алдым. Қасымда құрбым қолдап-қолпаштады. Сол кезде мен өзім құлап қалуға шақ тұрдым. Көз алдыма неше түрлі дүниелер келді. Қазір дәрігер қандай хабар береді деген қорқынышты ойлар болды», – деді ол.

Сондай-ақ ол Алматыға жеткеннен кейін ауруханаға барғанын айтты.

«1 жарым сағаттық жол 1 жарым ғасырдай болды. Ауруханада дәрігерлер бірден мені реанимацияға апарды. Бірақ кіргізбеді. Тұрсынбекпен видеомен сөйлестік. Екеуміз екі жақтан еңіреп жыладық. Емделгенше қайта-қайта келіп жүрдім», – деп еске алды продюсер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары