Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы балалар лагерінде демалған алты бала улану белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Олар құсу, дене қызуының көтерілуі және іш өту белгілеріне шағымданған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, төрт бала медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта олар жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты екенін, олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Тағы екі бала Біржан сал аудандық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында.
Балалардың жағдайының нашарлауына не себеп болғаны анықталып жатыр.