Түркістан облысында мұғалімдерден пара алған директор сотталды

/
Түркістан облысында мұғалімдерден пара алған директор сотталды
istockphoto.com

Түркістан облысында мектептің бұрынғы директоры К. мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамға теңестірілген адам бола отырып, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланып, міндетті тестілеу және аттестаттау комиссиясынан өтпеген мұғалімдерге біліктілік санаттарын заңсыз берген, сондай-ақ мұғалімнен пара алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның әрекеті 12 мұғалімге бюджеттен жалпы сомасы 16 млн теңгеден астам жалақыны негізсіз төлеуге әкеп соққан.

Бірінші сот қарауы кезінде сотталған адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны дәлелденбегендіктен ақталған.

Бас прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша ақтау үкімінің күші жойылды, іс жаңадан апелляциялық қарауға жіберілді.

Істі жаңадан қарау кезінде сот К.-ны лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және пара алғаны үшін кінәлі деп таныды. Мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар