Мен бұл тарихи шешімді қолдаймын – Тоқаев «AMANAT»-тың «Әділет» партиясына қосылуы туралы

/
Мен бұл тарихи шешімді қолдаймын – Тоқаев «AMANAT»-тың «Әділет» партиясына қосылуы туралы
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «AMANAT» партиясының фракциясына және барлық мүшеcіне алғыс білдіріп, саяси ұйымның «Әділет» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешімін қолдайтынын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сондай-ақ бүгін мен «AMANAT» партиясының фракциясына және барлық мүшелеріне белсенді, байсалды және жасампаз ұстанымдары үшін алғыс айтамын. Сіздер шынайы отаншылдық пен азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келесіздер. 

Саяси ұйымның таяуда өткен съезінде «Әділет» партиясына қосылу туралы стратегиялық шешім қабылданды. Мен бұл тарихи шешімді қолдаймын. 

Бүгінгі таңда барлық озық әрі жасампаз күштер жалпыұлттық құндылықтар мен ортақ мақсаттарға бірігуде. Мұндай қадам елімізде қолға алынып жатқан түбегейлі реформаларға тың серпін берері сөзсіз. 

Түптеп келгенде, баршамыздың мұратымыз  – бір. Бұл – жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын өркениетті әрі озық мемлекет құру. 

Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Еліміздің ойдағыдай дамуы бізге ғана керек. 

Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмыла білсек, біз кез келген белесті бағындырамыз, көздеген мақсатымыздың бәріне қол жеткіземіз. 

Қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайтып, Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз, Таза әрі Озық Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін! Осы жолда аянбай еңбек ету – әр азаматтың перзенттік парызы. 

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын! Қазақ елі мәңгі жасасын!», - деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар