«Аскеннің соңғы курсы»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің шәкірттерін қара шаңыраққа жинады

/
«Аскеннің соңғы курсы»: Бағдат Әшімова Асанәлі Әшімовтің шәкірттерін қара шаңыраққа жинады
Әлеуметтік желіден

Аңыз актер Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі шәкірттеріне қатысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды 

Оның айтуынша, төрт жыл бойы Асанәлі Әшімовтен тәлім алған жастар оқуын аяқтап, үлкен өмірге қадам басқан.

«Аскеннің соңғы курсы. Төрт жыл бойы Аскеннен тәлім алған жастар академияны тәмамдап, арман қуып үлкен өмірге қанат қақты.

Аскеннің өзі арамызда болмаса да, оның қара шаңырағының батасын алып, өмір мен өнер жолына аттандыруды жөн санадым. Сондықтан түлектерді қазақы дәстүрмен Аскеннің қара шаңырағына шақырдым.
Қара шаңырақтан алған ақ бата әр шәкірттің жолын ашып, өнердегі қадамын нық етсін», – деп жазды Бағдат Әшімова.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары