«Сіз әрдайым жүрегімізде сақталасыз»: қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентерлік жазба жариялады

/
«Сіз әрдайым жүрегімізде сақталасыз»: қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентерлік жазба жариялады
Коллаж: turkystan.kz

Алматы облысында әйелі мен баласының қолынан қаза тапты делінген полиция қызметкерінің қарындасы әлеуметтік желіде ағасына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұл қаралы хабарды қабылдау өзіне ауыр тигенін айтып, марқұмның ел тыныштығы үшін атқарған қызметін еске алды.

«Бұл қаралы хабарды қабылдау өте ауыр болды. Сіздей елге қорған болған, халықтың тыныштығы үшін еңбек еткен азаматтың өмірден өтуі жүрекке қатты батты», – деп жазды ол.

Сондай-ақ қарындасы ағасына деген құрметі мен алғысын жеткізіп, оның адами қасиеттері мен қызметі ұмытылмайтынын атап өтті.

«Жылы жүзіңіз, қарапайым мінезіңіз, елге деген адал қызметіңіз ешқашан ұмытылмайды. Сіздің жарқын бейнеңіз әрдайым жүрегімізде сақталады. Жаныңыз жәннатта болсын», – деп жазба қалдырған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары