Астанада жолда төбелескен жүргізушілер қамауға алынды

/
Астанада жолда төбелескен жүргізушілер қамауға алынды
видеодан скриншот

Елордада Lixiang және Kia көліктерінің жүргізушілері жол үстінде жанжалдасқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланды. Lixiang және Kia автокөліктерінің жүргізушілері жолды бөлісе алмай, мәселені тікелей жолдың ортасында жұдырықтасу арқылы шешуге кіріскен.

«Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан екі азаматтың да жеке басын анықтады. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әр құқық бұзушыға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды», – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар