«Өте ақылды, сабырлы»: Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелі туралы ашық пікір білдірді

/
«Өте ақылды, сабырлы»: Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелі туралы ашық пікір білдірді
Әлеуметтік желіден

Әнші Жұлдыз Өмірғали күйеуі Айқын Төлепбергеннің бірінші әйелімен қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жұлдыз Өмірғалидің сөзінше, олар балалардың психологиялық жағдайын бірінші орынға қойған.

«Мен жақ болсын, Айқын және Әсел жақ болсын, үшеуіміз ақылдасып, балаларға психологиялық соққы болмасын деп шештік. Бір әкенің балалары бір-бірімен араласа алмай жүрген жағдайлар көп қой. Біз балалар бәрібір бауыр болғандықтан, балалық шақтары бірге өтсін деп шештік», – деді әнші.

Өнер иесінің айтуынша, олар отбасылық мерекелерде жиі бірге болмағанымен, балалардың араласуына жағдай жасап отыр.

Сондай-ақ Жұлдыз Айқынның бірінші жары туралы жылы пікір білдірді.

«Айқынның бірінші әйелі өте ақылды, дана жан. Қазір жазушылықпен айналысып, кітап шығарған. Кейде балаларды бірге серуендетуге шақырып жатады. Біз бір-бірімізді қатты сыйлаймыз. Бірақ бір үйде тұрмаймыз, бір дастархан басында қатар отырмаймыз», – деді ол.

Желі қолданушылары әншінің бұл пікірі мен екі отбасының балалар үшін дұрыс қарым-қатынас орнатуға ұмтылысын қызу талқылап жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары