Қазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында екі медаль иеленді

/
Қазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында екі медаль иеленді
olympic.kz

Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарысты екі медальмен қорытындылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде 4×400 метрлік аралас эстафетада Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс чемпион атанып, 3:16.75 нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Анна Шумило, Мария Шувалова, Аделина Земс және Александра Залюбовская мәреге төртінші болып жетті. Алайда Шри-Ланка құрамасы жарыс ережесін бұзғаны үшін жарыс қорытындысынан шеттетілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары