Үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қытайдың Гуйяне қаласында өтіп жатқан әлем кубогында топ жарды, деп хабарлайды turkystan.kz Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Назым Қызайбай финалдық бәсекеде әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері, италиялық Сирине Чараабимен кездескен.
Нәтижесінде қазақ боксшысы 3 раундта да басым болып, 4:1 есебімен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2025 жылы Астанада өткен әлем кубогында 48 келіде топ жарған болатын.