Еліміз медициналық туризмнің өңірлік орталығы ретінде танылып келеді – Тоқаев

/
Еліміз медициналық туризмнің өңірлік орталығы ретінде танылып келеді – Тоқаев
Ақорда

Бүгін – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Ақордада мерекеге орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, әлеуметтік саладағы міндеттемелерді орындау биліктің барлық тармағының конституциялық міндеті саналатынын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жаңа Конституцияға сай, Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сәйкесінше, әлеуметтік саладағы міндеттемелерді орындау биліктің барлық тармағының, соның ішінде Үкіметтің конституциялық міндеті саналады. Бұл міндет табысты орындалуда. Өткен жылы тек республикалық бюджеттен әлеуметтік қажеттіліктерге 9 триллион теңгеден астам қаржы жұмсалды (шамамен 18 миллиард доллар). Бұл – өте қомақты сома. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бағдарламасын іске асыру да конституциялық міндеттеме аясына кіреді. Тегін медициналық қызметтерді қамтитын әлеуметтік мақсаттағы бірегей бағдарламаның басқа елдерде баламасы жоқ. Аталған бағдарлама туралы Конституциямызға жазылды, бұл – конституциялық міндет.Мұны мемлекеттің нақты жетістігі ретінде атап айтқан жөн», - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жас аналарға өте жақсы жағдай жасалып отырғанын да айтты.

«Нәзік жанды аруларымыз дүниеге перзент әкелгеннен кейін қандай жеңілдіктерге ие болатынын білесіздер: жұмыс орны сақталып, үш жыл декреттік демалысқа шығады, тиісті төлемдер алады. Жас аналарға өте жақсы жағдай жасалып отыр. Мен Батыста, атап айтқанда, Швейцарияда жұмыс істеген кезде осы мәселені зерделедім. Швейцарияда және басқа да Батыс елдерінде мұндай жүйе жоқ. Инновацияларды қарқынды түрде игеру, ем-дом шараларының жоғары стандартына көшу, сондай-ақ баға мен қызмет сапасының теңгерімін сақтау арқылы еліміз медициналық туризмнің өңірлік орталығы ретінде танылып келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар