Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады – Тоқаев

Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады – Тоқаев
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады.   Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар.   Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш.   Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылды», – дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар