Бір Ел болып Әділетті, Күшті, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз – Тоқаев

Бір Ел болып Әділетті, Күшті, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз – Тоқаев
Ақорда

Президент Ақордада медицина қызметкері күніне орай өткен салтанатты іс-шарада жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазір біз бәріміз Әділетті, Күшті, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Қоғамның барлық саласында ауқымды және түбегейлі өзгерістер жасалуда. Біздің алға қойған мақсатымыз – айқын. Бұл – жас ұрпақтың игілігі үшін тұғыры берік, қуатты мемлекетті құру.   Наурыз айында өткен жалпыұлттық референдум кезінде азаматтарымыз отаншылдық пен жауапкершіліктің тамаша үлгісін көрсетті. Медицина саласының мамандары да осы ортақ іске белсене атсалысты.   Саяси науқан барысында халқымыз біртұтас ұлт болып ұйысып, тарихи таңдауын жасады. Жұртымыз ел тағдырына бей-жай қарамай, жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді. Бұл жарқын болашаққа жол ашатын аса маңызды шешім болғаны анық», – дейді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар