Алаяқ семейлік кәсіпкерден 4,3 млн теңге алып кеткен

/
Алаяқ семейлік кәсіпкерден 4,3 млн теңге алып кеткен
polisia.kz

Семейде кәсіпкерді алдап, 4,3 млн теңгені қалтаға басқан үдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

30 жастағы жеке кәсіпкер полицияға алаяқтық туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында бейтаныс ер адам сенімге кіріп, ақшаны көбейтуге көмектесемін деген желеумен, тендерлерге қатысу арқылы пайда табуға уәде беріп, оның 4,3 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 28 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Күдікті өз кінәсін мойындаған. Алайда ақшаны жұмсап үлгерген. Дәлел ретінде банк мәліметінің көшірмесі тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме шарасы қолданылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар