«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсына өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

«Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсына құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы Мәдениет және ақпарат министрлігімен стратегиялық әріптестік аясында «Жас жазушылардың әдеби шеберлік мектебі» курсын жыл сайын тұрақты түрде өткізіп келеді. Биыл да аталған жоба жалғасын тапты.

Жобаның талаптары:

– Жобаға қатысуға еліміздің барлық аумағында тұратын жас қаламгерлер (18-35 жасқа дейін) өтінім бере алады;

– Өтінім беруші Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болуы міндетті емес.

Жобаның іске асу кезеңдері:

– Қазақстан Жазушылар одағы дәріс оқитын, шеберлік сыныбын өткізетін шетелдік және отандық танымал қаламгерлерден тұратын «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебін» құрады (Шеберлік мектебінің мүшелері халықаралық беделді әдеби сыйлық иегелері, Қазақстанның Халық жазушылары, Мемлекеттік сыйлықтың және беделді әдеби сыйлықтардың лауреаттары, жетекші әдебиеттанушы ғалымдар, әдебиет пен баспа ісіне қатысы бар кәсіби мамандар).

– Қазақстан Жазушылар одағы жанынан құрылатын комиссия талапкердің шығармашылық өмірбаянын (шығарған кітаптары мен марапаттары, жеткен жетістіктері) саралау арқылы жобаға қатысушылардың тізімін бекітеді.

– Тізімге енген жас қаламгерлер Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы «Жазушылардың әдеби шеберлік мектебіне» 10 күндік оқуға келеді (Оқу бағыттары: шетелдік және ұлттық әдебиеттің бастауы, бүгіні мен болашағы, шығармашылық бағыт-бағдар, жазушы зертханасы т.б.).

Әдеби шеберлік мектебіне қатысушы жас қаламгерлердің жолы, тамағы және жатын орны Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан төленеді.

Жоба соңында әр жас қаламгерге сертификат беріледі.

Жобаның мақсаты – жас қаламгерлерді қолдау, әдеби процестермен таныстыру, шеберлік дәрістерін тыңдату, жаңа шығармалардың жазылуына ықпал ету.

Өтінімдер 2026 жылғы 15 маусымға дейін келесі тізбек бойынша қабылданады:

1. Өтінім;

2. Талапкердің шығармашылық өмірбаяны;

3. Белгілі қаламгер немесе Қазақстан Жазушылар одағы облыстық өкілінің қолы қойылған ұсыныс.

Өтінімдер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105-үй,26-кабинет мекен-жайына немесе jazushylar_odagy@mail.ru электронды поштасына жіберілуі керек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары