Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешені саласындағы озық әзірлемелермен танысты

/
Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешені саласындағы озық әзірлемелермен танысты
Ukimet

16-шы Astana Mining & Metallurgy 2026 конгресі аясында Премьер-министр Олжас Бектенов тау-кен металлургия кешеніне арналған озық әзірлемелермен және шешімдермен танысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биыл экспозиция 15 елден – Австралия, Германия, Италия, Қазақстан, Канада, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ, Өзбекстан, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстониядан келген 70 компанияның басын біріктірді.

Премьер-министр Qarmet, Kazzinc, Kazakhmys, KAZ Minerals, XCMG сияқты жетекші қазақстандық және халықаралық компаниялардың және АҚШ, Швеция, Сауд Арабиясы елдерінің компаниялар тобының экспозицияларымен танысты. Олжас Бектеновтің назарына тау-кен металлургия саласына арналған заманауи технологиялық шешімдер, өндірістерді жаңғырту, цифрлық құралдарды енгізу, өнеркәсіпті автоматтандыру, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ қайта өңдеу мен инженерлік сервистерді дамыту жөніндегі жобалар ұсынылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары