Астананың бірқатар көшелерінің қиылыстарында ақауы бар асфальт жабындысын ауыстыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қозғалысқа қойылатын шектеулер:
Ж. Нәжімеденов – Қ. Аманжолов көшелерінің қиылысы – 12 маусым сағат 21:00-ден 13 маусым сағат 07:00-ге дейін;
Ж. Нәжімеденов – С. Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысы – 13 маусым сағат 21:00-ден 14 маусым сағат 07:00-ге дейін;
С. Нұрмағамбетов – А. Байтұрсынов көшелерінің қиылысы – 14 маусым сағат 21:00-ден 15 маусым сағат 07:00-ге дейін.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулерін сұрайды.